Әділет министрі Қанат Мусин Конституциядан алып тасталған заңға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Конституциядан Тұңғыш Президенттің ерекше мәртебесі туралы барлық тармақ алып тасталды. Енді заңды сол Конституцияға бейімдеп жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр,

— деді министр.

Қанат Мусин «Тұңғыш Президент — Елбасы туралы» заңның да күші жойылатынын айтты.

Заңның күші жойылатын нақты уақыты жоқ. Дегенмен, жұмыс жүріп жатыр. Үкімет, Президент және депутаттар ұсыныс айта алады. Бірақ біздің министрлікке Парламенттен мұндай ұсыныс түспеді. Келген кезде әрекет етеміз,

— деп нақтылады министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!