Баспанамен қамту – еліміздегі өзекті мәселе. Тұрғын үй алудың жеңіл жолдарының бірі – ипотека. Неліктен ипотекалық бағдарламаларды пайдалану керек және елімізде ипотекаға тұрғын үй алуда қандай жеңілдіктер бар? Толығырақ ҚазАқпарат тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы

Бұл – жеңілдікті шарттармен 2025 жылға дейін тұрғын үй сатып алуға арналған бағдарлама. Кредиттік мөлшерлеме – 5% (СЭСВ – 5,2%). Жарнаның бастапқы сомасы пәтер немесе үй құнының 20%-ы.

Бағдарламаға кіретін нысандарды Отбасы банкінің сайтынан көруге болады. Әкімдікте кезекте тұрғандар (оларға басымдық беріледі), сондай-ақ Отбасы банкінің салымшылары бағдарламаға қатыса алады.

Егер сізде Отбасы банкіндегі депозитте жеткілікті жинақ болса, онда таңдалған тұрғын үйді бағдарлама бойынша бірден сатып ала аласыз немесе қарыз ала аласыз.

Әскери өнім немесе «Әскери баспана»

Отбасы банкіндегі арнайы шотқа тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне жеңілдетілген несиелеу қолжетімді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысы болу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде арнайы депозит ашып, белгілі бір мерзімнен кейін жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша қарыз алу қажет.

Төлем алушы тұрғын үй құнының 50 пайызын жинаған бойда елдегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін рәсімдей алады.

Төлемдерді тұрғын үйді жалға алуға да, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинаққа да бір мезгілде жіберуге болады.

«Жаңа баспана»

Тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін қолжетімді баспана.

Төлем алушылар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу есебінен баспана сатып ала алады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысы болу үшін Отбасы банкінде арнайы депозит ашып, белгілі бір мерзімнен кейін жылдық 3,5%-дан 8%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша несие алу қажет.

Тұрғын үй жәрдемақысын алушы тұрғын үй құнының 50 пайызын жинаған бойда елдегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін рәсімдей алады. Тұрғын үй төлемдерін бір уақытта тұрғын үйді жалдау үшін де, «Отбасы банкінде» жинақ ақша үшін де пайдалануға болады. Тұрғын үйді еліміздің кез келген қаласынан сатып алуға болады.

«Бақытты отбасы»

Бұл жоба көпбалалы отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған.

Тұрғын үйді әкімдік кезегінде тұрған аймақта ғана сатып алуға болады. Сондай-ақ сіз негізгі табыс болған жағдайда ғана несие ала аласыз. Негізгі табыс еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсуі тиіс. Бағдарлама азаматтардың аз қамтылған санаттарына арналған, сондықтан оның ең төменгі мөлшерлемесі – 2%.

«Өз үйіңіз»

Отбасы банкінің салымшылары үшін қарыз алуда тиімді шарттары бар бағдарлама.

Ең төменгі бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 20%-ы. Несие бойынша ең төменгі мөлшерлеме – 3,5%, ал ең жоғары мөлшерлеме – 8,5%, кейіннен 3,5-5%-ға дейін дейін төмендейді. Берілетін қарыз сомасы – 100 000 000 теңгеге дейін.

Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үй құны нарық бағасынан төмен. Сондай-ақ қолда бар және сатып алынатын тұрғын үй санына шектеулер жоқ. Сонымен қатар баспананы салынып жатқанда үлестік қатысу арқылы сатып алуға болады.

«Шаңырақ» бағдарламасы

Бағдарлама әкімдікте кезекте тұрғандарға тұрғын үй сатып алуға кредит беруді көздейді. Отбасының әрбір мүшеге шаққандағы жиынтық табысы 133 267 теңгеден (өткен жылдың 3,7 күнкөріс минимумы) аспауға тиіс.

Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%-ы. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%. Несиенің ең ұзақ мерзімі – 20 жыл.

Айта кету керек, тұрғын үйді кезекте тұрған аймақта ғана сатып алуға болады.

«Жас отбасы»

Егер сіз жақында некеге тұрсаңыз, бір жылдық жинақ арқылы 6%-бен аралық несие ала аласыз.

Жылдық мөлшерлеме – 6%. Несиелеу мерзімі – 6 жылдан 9 жылға дейін. Сома – 100 000 000 теңгеге дейін. Кепілге сатып алынатын мүлік қойылады.

«Жас отбасы» займын алу үшін ерлі-зайыптылардың біреуіне немесе екеуіне алдымен Отбасы банкінде жаңа депозит ашып, кемінде 1 жыл ақша жинауы қажет. Сонымен қатар жинақ кезеңінде кемінде 5 балға жеткізу талап етіледі.

Кредиттік өтінім беру кезінде тұрғын үй сатып алу сомасының 50%-ын жинақтау немесе депозитке салу қажет. Депозит ашылған кезде сіздің неке қиғаныңызға 5 жылдан аспауы керек (неке туралы куәлікке сәйкес). Ерлі-зайыптылардың жасы бойынша ешқандай шектеу жоқ.

Балаларға арналған «Арнау» депозиті

Сыйақының жылдық мөлшерлемесі – 2% (мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, ЖЭС 6% дейін). Тиімді сыйақының жылдық мөлшерлемесі – 6%-ға дейін (мемлекет сыйлықақысын ескере отырып). Мемлекет атынан жыл сайынғы сыйақы – 20% (бір жылдағы жинақ сомасына 200 АЕК дейін).

«Арнау» депозитінде кем дегенде 10 жыл ішінде шарттық соманың 50% жинақтап, бағалау көрсеткішіне 48 балға жету қажет. Содан кейін депозит иесі жылдық 2% мөлшерлеме бойынша тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын рәсімдей алады.

Несие депозиттің кәмелетке толған иесіне ғана беріледі, яғни бала 18 жастан асқан болуы керек.

«Ұмай» әйелдер ипотекасы

«Ұмай» әйелдерге арналған тұрғын үй бағдарламасы 2021 жылы басталды және бірінші транш аясында 8,4 млрд теңге көлемінде 954 қазақстандық әйел қарыз ала алды. 2022 жылы 14 млрд теңге бөлінді. Оған 1 119 бағдарлама қатысушысы тұрғын үй сатып алды.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – 30 млн теңге. Биыл пайыздық мөлшерлеме 14,4% одан әрі 3,5% дейін төмендейді.

«Ұмай» ипотекасы бойынша қарыз мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Тұрғын үй таңдауда ешқандай шектеу жоқ. Әйелдерге арналған қарыз бастапқы және қайталама тұрғын үйлерді, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша да сатып алу үшін беріледі. Сондай-ақ аталған тұрғын үй бағдарламасы арқылы баспана жөндеуге 3,7 млн теңгеге дейін қарыз алуға болады.

Әйелдерге арналған тұрғын үй бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты Отбасы банкі сайтынан алуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!