Қаладағы №271 орта мектепте №347 және №358 сайлау учаскілері жұмыс істеуде.

№347 сайлау учаскесі өз жұмысын еліміздің Әнұранын шырқаумен бастады. Таңнан бері 600 адам келіп өз таңдауын жасаған.

— Аймақтағы тұрғындар белсенді қатысып жатыр. Ерте келіп өз таңдауларын жасауда. Жастар да, зейнеткерлер де Ата заңға өзгеріс енгенін қалайды. Арнайы ақпарат тақтасын ілдік. Онда қандай бапқа өзгеріс енетіні туралы толық жазылған, —дейді сайлау учаскесінің төрағасы Данабек Абдраймов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!