ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті.
«Абай облысындағы ауқымды өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3 бөлігі бойынша іс қозғалды. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы аясында аталған істің тергелуі Бас прокуратураға жүктелді. Осы орайда құқық қорғау органдарының білікті тергеушілері мен жедел уәкілдерді жұмылдыра отырып, тиісті тергеу тобы құрылды. Қазір тергеу тобы Абай облысындағы апат аумағында жұмысын бастап кетті», – деді Ж. Өмірәлиев.
Оның айтуынша, өрттің салдарын, қоршаған ортаға келтірілген залалды, 14 адамның өз қызметтік борышын өтеу барысында қаза болуын ескере отырып,тағы бір қылмыстық іс қозғалған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!