Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша ҰБТ-ны өткізу және педагогтардың білімін бағалауға жауапты ұйымның жекелеген қызметкерлерінің заңсыз әрекетінің алдын алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Күдіктілер серверлік жабдықтар мен басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізе отырып, арнайы бағдарламамен талапкерлерді, педагогтарды біріктіретін компьютерлерге қашықтан қосып, ақшалай сыйақы үшін оларға жоғары тестілеу нәтижелерін алуға жәрдем көрсетті.

«19 шілдеде үш адам ұсталды. Тінту жүргізу кезінде қашықтан қосылуды, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелерді қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар табылды және тәркіленді», – деді ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!