KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Бірінші кезекте Премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасайды. Еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және Үкіметтің биылға арналған жоспары туралы айтады. Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев тоқталады. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы баяндайды, – деді кеңейтілген отырысты ашқан Мемлекет басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
