Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті бұл қызметке не себепті тағайындағанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы министрді озық ойлы тұлға деп сипаттаған.
«Саясат Нұрбек мырза, жан-дүниесімен ғылымның дамуын қолдайтын азамат. Дәл осы қасиеті үшін ол білім министрі болып тағайындалды. Мен оған үлкен үміт артамын. Лекцияны жеті тілде еркін оқиды, бір күні сіздерге де лекция оқу үшін келеді», – деген Тоқаев.
Президент сонымен қоса бұрын-соңды жеті тілде қатар өте сапалы, қызықты әрі мазмұнды лекция оқитын ғалымды кездестірмегенін атап өткен.
«Сондықтан мен министрді қолдаймын, сіздер де қолдаңыздар», – дейді мемлекет басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!