«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысында найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, найзағай болады. Желдің екпіні – 23-28 м/с.
Қостанай облысында 1 градус аяз болады.
Қарағанды облысында тұман түседі. Күндіз шығыста солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 16 м/с. Аймақта өрт қаупі әлі де жоғары.
Ұлытау облысында тұман түседі. Топырақ бетінде 1 градус аяз болады. Жезқазған қаласында өрт қаупі жоғары болады.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. 3 градус аяз болады, өрт қаупі сақталады.
Абай облысында найзағай ойнайды, тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Түнде солтүстікте, орталықта 3 градус аяз болады. Семейде түнде жер бетінде 3 градус аяз болады. Өрт қаупі әлі де жоғары.
Ақтөбе облысында топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады. Аймақта өрт қаупі жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Желдің екпіні – 18 м/с.
Атырау облысында найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шаңды дауыл соғады. Облыста өрт қаупі әлі де жоғары. Жел екпіні – 15-18 м/с. Өрт қаупі әлі де жоғары.
Алматы облысының таулы жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Сол сияқты шаңды дауыл соғып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары болып отыр.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Таулы жерлерде тұман түседі. Өңірде өрт қаупі жоғары болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!