Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ жауып, үсік жүреді, күн күркірейді, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, жел күшейеді, үсік жүреді.
Қызылордада шаңды дауыл, жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтауда және Маңғыстау облысында тұман түсіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды, Қонаев, Талдықорған, Ақтөбе қалаларында және Ақтөбе облысында күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы қаласында, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Жетісу облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!