Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурстық байқауының аймақтық іріктеу турнирі өткізілген болатын. Турнирге аймақтағы мемлекеттік қызметшілер арасынан 34 үміткер бақ сынасты. Нәтижесі бойынша облыстық қоғамдық даму басқармасы жастармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы Қалниязова Әйгерім Манерқызы республикалық конкурсқа қатысуға жолдама алды.Отбасы мен мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген аяулы әріптесімізге алдағы үлкен додада сәттілік серігі болып, республикалық деңгейде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» болуына тілектеспіз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!