«Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғауоргандары, аумақтық департамент, басқармабасшыларының, зиялы қауым, ата-аналар комитетіөкілдерінің, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сала мамандарының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы білім саласында атқарылған жұмыстарға, ұрпақ тәрбиесіндегі ауқымды міндеттерге тоқталды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тәртіп жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну әркімнің өмір салтына айналуы тиіс. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына осы бастан жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу қажет», – деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті.
Бұл тұрғыда қоғамда «Заң мен тәртіп»қағидатын орнықтыру, балалардың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғау – баршамыздың міндетіміз. Сәт сайын өзгеріп, көз ілеспес жылдамдықпен дамуға бет алған бүгінгідей дәуірде рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбиеөзегінен ажырап қалмау керек. Бұл – маңызды мәселе!

Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім және саналы тәрбиеалуына қолайлы жағдай жасап, жайлы ортақалыптастыру.
Аймағымыздың білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге бөлінді. 2022 жылдан бері 42 заманауи білім беру нысанысалынып, пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жобасы аясында 10жаңа мектеп салынып, ел игілігіне табысталды.2023 жылдан бері 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтеріп, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті

Жиында Жұлдыз Досбергенқызы, Наурызбай Сейтқалиұлы, Мұрат Абдуламитұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Серікұлы, ата-аналар комитетінің мүшесі, айтыскер ақын, облыстық мәслихат депутаты Мұхтар Мәуленұлы ой-пікірлерін бөлісті.

Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді. Аймақ басшысы мектепішілік және полиция органдарының есебіндегі оқушыларды үйірмелерге тарту, олардың жазғы демалысынтиімді ұйымдастыруды тапсырды. Ерекше бақылауды қажет ететін, түрлі санаттағы отбасылардан шыққан балаларды шығармашылық және спорттық секцияларға қатыстыру жұмысын жалғастыру керек.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың, кибербуллингтің және заңсыз ойынның алдын алуды күшейту қажет. Учаскелік полиция инспекторларына есепте тұрған жасөспірімдерді қатаң бақылауда ұстау жүктелді.

Вейп өнімдерін пайдалануға және сатуға толық тыйым салу өте маңызды. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін мектептердегікелеңсіз жағдайларға дер кезінде назар аударып, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға уақытылы мән беру қажеттігі атап өтілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!