Полицейлер рейд кезінде барымташыны мал ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға Түркістан облысының Созақ ауданында болған. Түнгі рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатады. Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбаған.

«Полицейлер шара қолданып, көлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды. Күдікті жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйіне апармақшы болған. Сиыр айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!