АҚШ-тағы университетте оқ атылды. 3 адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алған. Жергілікті ақпарат құралдары оқ атқан мектеп оқушысы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.
Қаскөй оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір оны полиция іздестіріп жатыр. Айта кетсек, АҚШ-та биыл алғашқы жарты жыл ішінде 300-ден аса жаппай атыс оқиғасы болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!