фото: Inbusiness.kz

Халық арасында утиль алымын жақтайтын петиция жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы kolesa.kz-ке сілтеп.

Үндеу жасап, петиция жариялағандар үкіметтен отандық өндірушілерді қолдауды сұрауда. 25 мамыр күні «Халық табысын арттыру! Өнеркәсіпті дамыту!» атты петиция Epetition. kz порталына шығып, үш күнде 10 мыңнан астам қол жинаған.

Үндеу авторлары билікке «сұр импортқа тосқауыл қоюды күшейтіп, отандық өндірісті қолдау шараларының тиімділігін арттыруға, жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға, осы салаға инвестиция тартуға және ынталандыруға, отандық кәсіпорындардың өсуіне қолайлы жағдай жасауға» шақырып, сұрау салған.

Бұл үндеу утиль алымы мен бастапқы тіркеуді төлемеу туралы петиция 50 мыңнан астам қол жинаған соң пайда болды.

«Ешкім біреудің жеке мүддесіне бола экономикалық тәуелсіздігінен бас тартпайды. Ақша елде қалуға тиіс!» — деп мәлімдеді петиция авторлары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!