Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіне байланысты, келген су өзен арнасынан асып Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолының су басу қаупі бар аумағына су жайылған.

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар “Жалағаш-Жосалы” бағытындағы (Жосалыдан 43 км, Жалағаштан бері 31 км, Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Қазір жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынғанын хабарлаймыз.

Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен трасса емес, екі елді мекенді байланыстыратын жол екенін еске саламыз.Қызылтам елді мекеніне Қармақшы және Далдабай елді мекеніне Жалағаш ауданы жағынан баратын ішкі жол бар. Сол себептен оның үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейтіндігін хабарлаймыз.

Айта кету керек, дария бетіндегі сең Қармақшы ауданы тұсына жетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!