halyq-uni.kz

«Бұл басқаларға да сабақ болсын» деп видеоны ата-аналар чатына жолдапты.

Машинасына анайы сурет салып кеткен оқушыларға көлігін жуғызып жазалаған жамбылдық мұғалім қатаң сөгіс алды. Тіпті ол қызметінен де қуылуы мүмкін.

Байзақ ауданындағы мектеп мұғалімі көлігінің терезесіне салынған анайы суретті шәкірттеріне жуғызған. «Бұл басқаларға да сабақ болсын» деп видеоны ата-аналар чатына жолдапты. Онысы желіге тарап кетіп, қызу талқыға түсті. Мұғалімнің бұл әрекетін жақтағандар да, даттағандар да көп.

Математика пәнінің мұғалімі осы мектепте 3 жылдан бері қызмет етіп келеді. Кейін ол өзінің артық кеткенін түсініп, төрт баланың ата-анасынан кешірім сұраған. Жұмыстан кетуге дайын екен де айтыпты. Ал білім ошағының басшысы жас маманның қателік жібергенін мойындап отыр. Сондықтан оған қатаң сөгіс берген. Директордың айтуынша, бұл жағдайға мұғалімнің оқушыларға қатаң қарауы себеп болған.

Мұғалім білім сапасын талап еткен. Сол үшін балалар бір емес, бірнеше рет алдында жай суреттер салып жүрген. Соңғысында жағымсыз сурет салған. Оны жуғызуға да ұялдым, өз оқушыларым ғой. Өздері де сол жерде айтыпты: «Ағай, өзіміз салдық, өзіміз барып жуып берейік» деп, – деді Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Есентаева, КТК телеарнасына берген жауабында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!