Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында циклонның әсерінен найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді.

Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл оғады, түнде және таңертең орталықта және шығыста тұман түседі.

Қалалар бойынша температура болжамы

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 5-10, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Шымкентте аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 29-31 градус жылы.

Түркістанда аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 22-24 градус жылы.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 20-22 градус жылы.

Қостанайда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Петропавлда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 градус жылы.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 24-26 градус жылы.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус ыстық.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус ыстық.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!