22 қарашада Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады. Түнде температура көбінесе нөлден төмен түседі, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде –6…–8°, күндіз шамамен 0°.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады, күндіз жауын-шашын болады (көбіне жаңбыр). Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с, күндіз кей жерлерде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде –5…–10°, күндіз –2…+3°, шығысында –5°.      

Алматы облысында солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады, күндіз таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түседі. Түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+5°, таулы және солтүстік аудандарында –3…–8°, күндіз +10…+15°, тауда +2…+7°.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°, күндіз +11…+13°.

Жетісу облысында шығыс бөлігінде түнде жаңбыр мен қар жауады, таулы аудандарда қар түседі. Күндіз шығысы мен орталығында жаңбыр, таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең таулы бөлігінде тұман түседі. Шығыстан 9–14 м/с, шығысында 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –1…+4°, таулы аудандарда –6°, күндіз +7…+12°, тауда +3°.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…+3°, солтүстігі мен тауларында –6°, күндіз +12…+17°, таулы аудандарда +9°.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +14…+16°.

Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+7°, оңтүстігінде +10°, күндіз +9…+14°.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3…+8°, күндіз +10…+15°.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+10°, солтүстік-шығысында +1°, күндіз +15…+20°, солтүстік-батысында +12°.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+7°, солтүстік-шығысында –1°, күндіз +5…+10°, оңтүстігінде +13°.

Қостанай облысында батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –4…–9°, оңтүстігінде 0°, күндіз 0…+5°, оңтүстігінде +8°.

Солтүстік Қазақстан облысында батысы мен солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –5…–10°, күндіз –4…+1°.

Павлодар облысында солтүстігі мен шығысында қар жауады, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –6…–11°, күндіз –2…–7°.

Қарағанды облысында шығысы, оңтүстігі және орталығында түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…–7°, оңтүстігінде +3°, күндіз –3…+2°, оңтүстігінде +6°.

Ұлытау облысында солтүстігі, шығысы және орталығында түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…–5°, күндіз +5…+10°.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Күндіз оңтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…–8°, оңтүстігінде 0°, күндіз –0…–5°, шығысында –8°.

Абай облысында түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады; оңтүстігінде жауын-шашын күшейеді. Күндіз оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 9–14 м/с, шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…–5°, батысы мен солтүстігінде –8°, күндіз –0…–5°, оңтүстігінде +5°.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Шығыстан және солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…+2°, күндіз +10…+15°, оңтүстігінде +18°.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз кей жерлерде 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…+3°, солтүстігі мен таулы аудандарында –7°, күндіз +10…+15°, тауда +7°.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!