«Қазгидромет» 22 қыркүйекке жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7 +9°С, күндіз +19°С +21°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +13-15°С, күндіз +25-27°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 16°C-тан 18°C-қа дейін, күндізгі температура 25°C-ден 27°C-қа дейін жылы болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13°С-тан 15°C-қа дейін, күндіз 23°C-ден 25°C-қа дейін болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 1-6 м/с, күндіз екпіні 10 м/с болады. Түнде ауа температурасы 7°C-тан 9°C-қа дейін, күндізгі температура 21°C-ден 23°C-қа дейін болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 13°C-тан 15°C-қа дейін, күндіз 25°C-ден 27°C-қа дейін болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10°С +12°С, күндіз +20°C +22°C болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8°C +10°C, күндіз +18°C +20°C болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8°С +10°С, күндіз +18°С +20°C болады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с. Түнде ауа температурасы +13°C-тан +15°C-қа дейін, күндіз +25°C-ден +27°C-қа дейін жылы болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы +8-ден +9°С-қа дейін, күндіз +18-ден +20°С-қа дейін болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы +13-15°С, күндіз +24-26°С болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы +7-ден +9°С-қа дейін, күндіз +21-ден +23°C-қа дейін болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы +8-ден +10°C-қа дейін, күндіз +14-тен +16°C-қа дейін болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы +5-тен +7°C-қа дейін, күндіз +21-ден +23°C-қа дейін болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +25 градустан +27 градусқа дейін болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +14-16°С, күндіз +28-30°С болады.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +17-ден +19°C-қа дейін, күндіз +26-дан +28°C-қа дейін болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +8-ден +10°С-қа дейін, күндізгі температура +25-тен +27°C-қа дейін болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5-тен +7°С-қа дейін, күндізгі температура +22-ден +24°C-қа дейін болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!