Синоптиктер сейсенбі, 23 қыркүйекке жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +15+17°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +17+19°С болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+ 9°C, күндіз +16 +18°C болады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +17+19°С болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы +12 +14°C, күндізгі температура +15+17°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13-15°С, күндіз +24-26°С болады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°C болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +27+29°С болады.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +27+29°С болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +23+25°С болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 2–7 м/с жел соғады, күндіз екпіні 10 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +24…+26°C.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +22…+24°C.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады – 9–14, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8 +10°C, күндіз +13+15°C болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +19+21°С болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8 +10°C, күндіз +16- +18°C болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!