Мемлкекет басшысын дауыс беру арқылы сайлау мүмкіндігі баршаға ортақ. Осындай саяси маңызды науқанда Т. Есетов атындағы N264 мектеп-лицейде орналасқан N260 сайлау учаскесінде тұрғындар таңғы сағат 7:00-ден бері белсенді дауыс беруде. Дауыс беру құқығын пайдалана отырып, сайлауға келіп таңдау жасаған Ерболат Нұржан — N 55-47 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің бақылаушы маманы. — Мемлекет басшысын таңдау — болашағымызды, жаңа Қазақстанды таңдау. Сондықтан әр азамат бұған белсене қатысуы тиіс. Мен де белгіленген сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым, — дейді Ерболат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!