Фото: Туризм және спорт министрлігі

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық Ву Юмен сынға түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ву Ю – Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшының бірі.

«Келесі қарсыласым мықты, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медаль үшін бар күшімді саламын», – деген еді Назым Қызайбай. 

Ал Париж-2024 – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Спортшы әлем чемпионатында 2 рет топ жарды. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.

Жекпе-жек 6 тамыздан 7-не қараған түні 01:02-де басталады.

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жеңді. Екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Сонымен қатар ширек финалда Колумбия боксшысы Валенсия Виктория Ингрит Лоренаны жеңіп, жартылай финалға жетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!