Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған ойлар – бүгінгі жастарға үлкен сенімнің әрі нақты міндеттің көрінісі. Шынында да, қазір көкірегі ояу жас ұрпақ үшін отаншылдық – құр сөз емес, жасампаздық пен жаңашылдыққа ұмтылу. Елін сүю – халыққа пайдасы тиетін іс бастау, жаңа мүмкіндік ашу деген түсініктің қалыптасуы – қоғамның ілгері дамуының белгісі.
Мемлекет басшысы жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл – олардың ғылымға, білімге, технологияға бейімделіп, жаңа дәуір талабына сай дамуына берілген мүмкіндік. Әсіресе жасанды интеллекттің өркендеуінде жастардың орны айрықша болмақ.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар – елдің болашағына деген қамқорлықтың айқын көрінісі. 4 миллионнан астам ағаш отырғызылып, ауқымды аумақ тазалануы – халқымыздың, әсіресе жастардың белсенділігінің жемісі. Бұл бағыттағы еңбекті Мемлекет басшысының өзі жоғары бағалауы – үлкен мақтаныш.
Біз де өз тарапымыздан осы игі істерге қолдау көрсетіп, жастарды жұмылдырып, елдің өркендеуіне бірге үлес қосамыз.
Баймұрза Әсетхан Қазиханұлы,
«Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!