«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау бойынша аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
- Жастар арасындағы лудомания және есірткіге тәуелділік
- Жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері
- Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары
Кеңес отырысына жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, мәслихат депутаттары, оқу орны басшылары, жастар рухының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ахмет Темірхан Асқатұлы аймағымызда жүргізіліп жатқан жастар арасындағы лудомания және есірткіге тәуелділіктің алдын алу іс-шараларына тоқталып өтті.
Облыстық жастар денсаулығы орталығы КММ психологі Әбсамат Еркебұлан Әділбекұлы жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері және психолог Джумадильдаева Раушан Умралиевна жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары бойынша баяндама жасады.
Қызылорда облысының қазіргі таңдағы халық саны – 839 мың, оның ішінде 20%-ын жастар құрайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жастар денсаулығы орталығына көмекке жүгінгендер саны өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға ұлғайған. Сонымен қатар күйзеліс жағдайындағы жастардың хабарласуына арналған «Қызу желі» іске қосылған. Жалпы жастардың көп бөлігі отбасылық түсінбеушілік, денсаулық, ата-ана, достар мен бала арасындағы келіспеушілік бойынша кеңес алуға келеді, – деді облыстық жастар денсаулығы орталығы КММ психологі Раушан Джумадильдаева.
Кеңес отырысына қатысуышлар аталмыш тақырыптар аясында сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Жиын қорытындысына сәйкес хаттама толтырылып тиісті мекелерге ұсыныстар жолданатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!