Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (IBA) жекпе-жекте дау туындаған жағдайда бейнежазба қарауды енгізетінін ресми түрде жариялады.
Бес төреші, бақылаушы және ұпай жинайтын сарапшылар келіспесе, сол жекпе-жектің видеосын автоматты түрде қайта көру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, төрешінің шешімі жарыс ережелері мен техникалық регламентіне қайшы келсе бейнежазбаны қайтадан қарап шешім шығара алады.
Видео көру жүйесі 2023 жылдың қаңтарынан бастап IBA ұйымдастыратын барлық жарыстарда қолданылатын болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!