SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет РМК ел аумағында 15 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Дерекке қарағанда, еліміздің аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды.
– Республиканың басым бөлігінде қарлы боран соғады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша – желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте, батыста – көктайғақ күтіледі, – деп жазды синоптиктер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!