Фото әлеуметтік желіден алынды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жазылған дәйексөзі бар хабарлама тарап жатыр. Онда президент «бұрынғы министрге қатысты жанжалға осындай пікір білдірді» деген жазу бар. Алайда бұл пікір фейк. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың ресми парақшаларында мемлекет басшысының 15 қарашада құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесуі барысында жақында елордалық мейрамханалардың бірінде болған атышулы кісі өліміне қатысты нақты түсініктеме 
бергені туралы ақпарат жарияланды. Президент ішкі істер министрлігі басшылығына бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай  жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – заң мен тәртіп үстемдік құратын ел», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тарап жатқан жалған хабарламадағы мәлімдемеге ұқсас ештеңе айтпады. Бұл пікір фейк.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!