Әлеуметтік желілерде осы жылы қазақстандық оқушылар 15 тамыздан бастап оқиды деген ақпарат тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігі таралған ақпаратқа түсініктеме берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқу-ағарту министрлігі шығу тегі күмән тудыратын хабарламаларды таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!