Келесі жылдан бастап кеденде жасанды интеллект іске қосылады. Жемқорлық дерегін азайту үшін осындай бақылау жүйесі жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенаттың жалпы отырысында депутат Генадий Шиповских қаржы министрлігінің өкіліне сұрақ қойды.
«Менің сұрағым кедендік бақылау жүйесінің, оның ішіндегі энергия ресурстарының орнын ауыстырудың қажеттігіне байланысты сонымен қатар, біздің осы жүйедегі заманға сай тетіктерді енгізу бойынша және иннфовациялық нормаларды енгізуге байланысты болып тұр», – деді ол.
Шиповских 1998 жылы 31 қазанда қазақ-өзбек елінің үкіметі арасында «кеден істері туралы» келісім барын айтып, сондағы заңда ғылым және техникалық мәліметтерді алмасу жөнінде көрсетілгенін атап өтті. Құжатты талқылау барысында сенатор министр орынбасарына «кедендік одақта жасанды интелектіні қолдану ойларыңыз бар ма, болса қалай пысықталып жатыр?» деп сауал жолдады.
Ержан Біржанов кедендегі бұл мәселе бақылауда екенін және 2024 жылдан бастап жасанды интеллектінің элементтерін іске қосу жоспары бар екенін айтты.
“Қазір біз инспекторлық тексеру кешендері арқылы түсірілетін рентген суреттерді, яғни адами факторды азайту үшін жасанды интеллектіні енгізіп отырмыз. Басқа мемлекеттердің тәжірибесін қарап қандай техникалар енгізіліп жатқаны жөнінде сараптамалық жұмыстар жүргізіп отырамыз. Қазіргі таңда инспекторлық тексеру кешені арқылы түсірілетін суреттердің адами факторын азайту үшін жасанды интеллектіні енгізіп отырмыз. Ол жемқорлықты азайтып, автоматты анықтауға мүмкіндік береді”, – деді министрлік өкілі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!