Қазақстандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір Қызылорда облысында екі ардагер тұрады. Әкімдіктің мәлімдеуінше, әлеуметтік жеңілдіктерден бөлек оларға тұрақты түрде тегін медициналық қызмет көрсетіледі.

Облыста Жеңіске сүбелі үлес қосқан ардагерлердің жесірлеріне де жәрдемақы төленеді. Соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек еткен бір жарым мыңнан астам адам есепке алынған.

“Соғыс жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тыл ардагерлеріне 50 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Барлығы 196 600 теңге төленеді. 7 мамырда Астанада өтетін мерекелік шараға облысымыздан 15-ке жуық тыл ардагері аттанады”, – деді Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Смат Сейдахметов. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!