Сенат депутаттары Жоғарғы Соттың бес судьясын сайлады. Мемлекет басшысынан Парламенттің Жоғарғы палатасына тиісті ұсыныс түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенатқа еліміздің әр өңірінен барлығы 10 судья ұсынылды. Осылайша, Жоғарғы Соттағы бір орынға бірден екі үміткер таласқа түсті. Сенаторлар келесі судьялардың кандидатурасын қолдады:
Айтжанов Ерлан Жұмаханұлы;
Әлжанов Ғабит Өмірханұлы;
Исамберлиева Гүлмира Ғазизқызы;
Құрманғалиев Нұрлан Қаскенұлы;
Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы.
Сайлаудан кейін Жоғарғы Соттың судьялары ант қабылдады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!