Құрметті, қазақ елі! Қанша ғасырлардан бері ата-бабамыз қайсар мінезі мен сонау күннен бері шыдамдылықтың, табандылықтың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ жерінің дамуы, елдің алға жылжуы – қазақтың рухты мінезіне тән болмысының өшпеуі болатын. Қазақ елі бұрынғы қазақ елі емес, қарқындап дамып келе жатыр. Бірақ осы күнге дейінгі тәуелсіз еліміз бүгінгі күні есірткіге тәуелді болып келеді. Есірткі адам өміріне, денсаулығына өте зиян болып тұр.
Осы орайда өзін-өзі тежеу – әрбір пенденің міндеті деп білемін. Білімді, әрі білікті дені сау азаматтар елді алға жетелейді. Есірткіге тәуелді азаматтарымыз ертеңі бұлыңғыр, яғни қараңғы болады. Сондықтан да, әр азаматтарымыз қазақ еліне адал еңбек етіп, бойына жақсы істерді бойына сіңіріп, күш-жігеріміз бен білігімізді қазақ еліне жұмсайық! Мемлекетіміз қауіпсіз, ертеңі керемет болу үшін «Есірткіге жол жоқ!» деп айтуды үйренейік!
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков
Сағынтай Ару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті Е.С.Бозғұлов атындағы
№249 мектеп-лицейдің 8 «е» сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!