Өзінен-өзі сыр тапты,
Өле алмай жүрген сырқатты
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір каптың.
Өзінен-өзі тістенген,
Шарабы тұр ішпеген
Ұйықтайын десе қорқады,
Көрмейтін сұмдық түс корген.
Тамырын у мен суарып,
Денсаулық деген егістің
Құртып алыпты біразын,
Ғаламат,қымбат жемістің.
Инемен таза денені,
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып,
Улы суды неге іштің?
Төсекте асыл азамат,
Асқынып ауру құлады.
Дәрігерді де мазалап,
Енді қай іске жарадың?
Бұл күнге оны жеткізген,
Кез келген іске «я» деуі
Темекі, наша шегуде
Достарға қарсы келмеуі.
Төсек тартып жатқан әлгі азамат,
Болашаққа жазып жатты аманат…
«Қадірін біл, қолда барда алтынның,
Өмір деген керемет те ғаламат!
Сол өмірдің ең рахаты осы деп,
Нашақорлар «қатарыма қосыл!» деп
Шақыруы мүмкін қиын шағыңда,
«Жоқ» деп айтқын денім тек сау болсын деп!
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков
Оңдасынова Роза
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті Е.С.Бозғұлов атындағы
№249 мектеп-лицейдің 8 «б» сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!