23.07.2023 жылы Астана уақытымен 02 сағат 25 минут шамасында Қызылорда облысына қарасты, Шиелі станциясының жүк паркінде№2734 жүк поезының вагонында келе жатқан Германия және Нидерланды елінің екі азаматы анықталды.

Аталған азаматтар өздерінің бұл әрекеттерін Қазақстан аумағында жаяу саяхаттап жүруіне байланысты Қызылорда қаласында темір жол паркінде тұрған жүк поезының вагонына қызығып мінгендерін түсіндірді.

Аталған екі шетел азаматына қатысты жүк поездарында заңсыз мініп жүргені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 560-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 5-АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қызылорда ст. ЖПб

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!