«Қазгидромет» РМК 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік өңірлер
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жауын-шашынсыз, бірақ түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Кей аймақтарда аздаған қар жауады. Жел оңтүстік бағыттан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі ауа температурасы -8…-13°, күндіз -3…+2° шамасында. Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Шығыс және орталық өңірлер
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Ұлытау мен Қарағанды облыстарында жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейіп, ауа температурасы түнде -5…-9°, күндіз -3…+4° аралығында болады. Өскемен мен Семейде қар жауып, күн суытады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер
Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында күн ашық, негізінен жауын-шашынсыз. Таулы жерлерге тұман түсуі мүмкін. Түнде 0…-3°, күндіз +10…+20° дейін жылы. Алматыда күн жылы, Шымкентте ауа температурасы +17…+19°.
Батыс өңірлер
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 5-12 м/с. Түнде 0…+7°, күндіз +10…+17° жылы болады. Ақтауда және Атырауда ауа райы жылы және желсіз болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
