фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Салық реформасын талқылау кезінде өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтің шешіміне сәйкес ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар қарыздың негізгі сомасы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда есептен шығарылады.

Кездесу барысында инфляциямен күрес, отандық өндірістің өсімі, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, инвестиция тарту және жасанды интеллект жобалары үшін электр энергиясын өндіру қуаттарын дамыту мәселелері де қаралды.

Сараптамалық бағалар мен ұсыныстарды Жақсыбек Күлекеев, Расул Рысмамбетов, Жәнібек Айғазин, Алмас Чукин, Әнуар Боранбаев, Олжас Құдайбергенов, Асқар Қыссықов және Эльдар Шамсутдинов білдірді.

Қорытындылай келе, премьер-министр мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды және Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңызын атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!