Күзетші жылдамдығы мен қайсарлығының арқасында 10 жас шамасындағы қызды аман алып қалды.

25 жастағы Нарұл Батырұлы 20 қабаттан құлағалы тұрған қызды құтқарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Кеше кешкі сагат 16:00 шамасында «Highvill Astana» түрғын үй кешенінің С блогында 20 қабаттың карнизінде кішкентай қыз ілініп тұр деген хабарлама түскен. 

Күзетші дереу 20 қабатқа көтеріліп, қыз құлағалы тұрған пәтерге кірген. Содан кейін баланы карнизден көтеріп, терезеден кіргізіп алған.  Кішкентай қыздың жасы шамамен 10 жаста. Бала қазір аман-есен. Сол уақытта үйінде әже болған. Баланың жағдайы жақсы, ата-анасына тапсырылды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!