Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында Атырау облысының тумасы қайтыс болды.
53 жастағы әйел Кореяға жұмыс істеуге барған, деп хабарлайды Экспресс К.
Марқұм Оңтүстік Кореяның өндірістік астанасы саналатын Ансан қаласына бір апта бұрын жұмысқа барған. Ол косметика шығаратын зауытта еңбек етіпті.
Кореядағы қазақтар әйелдің денесін елге жеткізу үшін құжаттар дайындап жатыр.
Бұл оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Экспресс К тілшісіне жағдайды анықтап, хабар беретінін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!