2 минуттан 1 сағатқа дейін бейнероликтерге тапсырыс беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік сатып алу туралы порталда «Екінші Республика. Жаңа Қазақстан» жобасы аясында бейнероликтер мен сюжеттер түсіруге 9 млн 750 мың теңге бөлінген.
Бұл сомаға Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2 минуттан 1 сағатқа дейін бейнероликтерге тапсырыс беруді мақсат етіп отыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, жоба аясында ауылдың тыныс-тіршілігін түсіруге арналған 30 сюжет дайындалады.
Лот мемлекеттің тапсырыс берушілердің сайтында жазылған. Өтініштерді қабылдау 22 маусымға дейін болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!