Қызылорда «Болашақ» университетінің «6В01901 – Дефектология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері ғылыми-зерттеу практикасы нәтижесінде зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, өз тақырыптарына сәйкес ғылыми мақалаларын жазды. Студенттердің ғылыми мақалалары «Алғашқы логопедиялық ізденістер» деген атаумен Ресейлік «Молодой ученый» Халықаралық журналының маусым айындағы арнайы нөмірінде жарияланды.
Білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 15 студенттің ғылыми еңбектерінің тақырыптары ауқымы өте кең және логопедия мәселелерін қамтиды. Студенттер мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте логопед жұмысын ұйымдастыру, логопедиялық жұмыста тыныс алудың маңыздылығы, сөйлеу тілінің артикуляция аппаратының мүшелерін тексеру жұмыстары, логопедия сабақтарында дидиктикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту жұмыстары, бала бақша тәрбиешілерінің тіл мүкістігі бар балалармен жұмысының ерекшеліктері, арнайы мектеп оқушыларының жазу ерекшеліктері секілді т.б. мәселелерді көтерген. Ғылыми-зерттеу практикасы негізінде жарияланған ғылыми мақалаларға медицина ғылымдарының кандидаты С.А. Ибраев, педагогика ғылымдарының кандидаттары С.С. Жәнібекова, Ш.А. Қирабаева, PhD Ж.М. Шаймбетов, магистрлер С.З. Балмаханова, А. Бақытбайқызы, А.Б. Нұрхашова жетекшілік жасады.
«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының жетекшісі, магистр М.Д. Қасымбекова және «6В01901 – Дефектология» білім беру бағдарламасының студенті Н.Т. Ташжан арнайы нөмірді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін «Молодой ученый» баспасының Алғыс хатымен марапатталды. «Болашақ» ҒЗИ алдағы уақытта да студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бастамаларға қолдау білдіріп отырады.
Әлеуметтік мәселелерді психологиялық
және дефектологиялық зерттеу орталығы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!