Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген педофилге үкім шығарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сотталушы химиялық кастрация процедурасынан өтуі керек деген шешім шығарылды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. 

Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді. 

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған. 

«Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!