Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 4 бабының талаптарына сәйкес, Әділет органдары коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының талаптарына сәйкес, келесі ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады:
1.Мемлекеттік мекеме;
2.Жеке мекеме;
3.Қоғамдық бірлестік;
4.Қор (мемлекеттік, қоғамдық, жеке, корпоративтік қорлар);
5.Тұтыну кооперативі;
6.Діни бірлестік;
7.Коммерциялық емес акционерлік қоғам;
- Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ);
9.Өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда: дербес білім беру ұйым, дербес кластерлік қор, нотариаттық палата, адвокаттар алқалары, адвокаттық кеңселер, Республикалық заң консультанттары алқасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес, көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігі.
Р.Байғабылова,
Қызылорда облысы Әділет
Департаментінің Коммерциялық емес
ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің
бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!