Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығына сәйкес «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу», «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидалары бекітілген.

Оның ішінде, «Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу», жөніндегі мемлекеттік қызмет түрі бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы №115/НҚ бірлескен бұйрығына Әділет министрлігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 810 және ЦДИАӨМ-нің 2023 жылғы 10 қарашадағы №535/НҚ бірлескен бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіптік қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу «Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу», жөніндегі мемлекеттік қызметін «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде көрсету процесін айқындайды.

Көрсетілетін қызметті алушы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттеріне портал арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуде жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша – 100 сұрақ белгіленген.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін заңнаманы білуге тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70 пайызын құрайды.

                                                                                   З.Ержанова,

Қызылорда облысы әділет департаментінің бөлім басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!