Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы негізінде Жаңа жыл қарсаңында мүгедектігі бар балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек, оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділігін арттыру, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.

«Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өткен кеште 200-ге жуық бала қамтылды.

Мерекеде Шварцтың «Күлше қыз» балалар қойылымы ұсынылды. Фойеде Жаңа жылдық ойын-сауық ұйымдастырылды. Балаларға сыйлықтар мен тәттілер сыйға берілді.

Жаңа жылдық безендірулер мен  балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әсем әуенмен жадыратты. Балалардың шат күлкісі мен көңілді ойын сауық тамаша атмосфераға айналды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!