Өткен жылы облыс прокуратурасы жоғары білім туралы жалған құжаттарды пайдалану фактілерін тіркеудің жиілеуіне байланысты осы санаттағы қылмыстық істерге талдау жүргізді. Өңірлік прокурордың орынбасары Мұрат Қожамқұловтың айтуынша, ай сайын СҚО-да жалған дипломдарды пайдаланудың алты фактісі тіркеледі. Бір жылдың ішінде облыста жалған құжаттарды сатып алудың 80 фактісі анықталды.

Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі орта мектеп мұғалімдерінің жұмысқа орналасу кезінде «Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалған дипломдарын пайдалану жағдайлары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу көрсеткендей, аталған жоғары оқу орындарында күдіктілер оқымаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!