Фото: Анадолы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі (БҰҰ ҚК) 9 тамыз күні бас қосып, Израиль үкіметінің Газа қаласына басып кіру шешімін талқылайды, деп жазады  KAZINFORM Анадолыға сілтеме жасап.

«Анадолы» агенттігі тілшісіне дипломатиялық көздерден жеткен ақпарат бойынша, мәжіліс өткізу туралы сұраныс АҚШ пен Панаманы есептемегенде БҰҰ ҚК – нің барлық мүшелерінен түскен.

АҚШ мәжілістің өткізілуіне қарсы болды.

БҰҰ ҚК төтенше мәжілісі 9 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де басталады.

7 тамыз күні кешкісін Израильдің қауіпсіздік кабинеті Газа секторының солтүстігіндегі Газа қаласын оккупациялау туралы жоспарды мақұлдады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху министрлер кабинетінің мәжілісі алдында Fox News-ке берген сұхбатында өздерінің мақсаты Газаны бақылауға алу екенін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!