Абай облысы әкімінің орынбасары болып Шалқар Байбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шалқар Заманбекұлы 1967 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару Академиясында «Экономист» мамандығын, кейін Қазақстан мемлекеттік заң Академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы болып бастады. 1988-1999 жылдары Семей қаласы және Семей облысы бойынша салық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторы, бөлім бастығы, Салық инспекциясының бірінші орынбасары, 1999-2014 жылдары Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болды. 2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған. 2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!