фото: baq.kz

Қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Әбибаның еншісінде – 5021 ұпай. Екінші орында ресейлік Сабина Гилязова (4738 ұпай), үшінші сатыда италиялық Ассунта Скутто (4727 ұпай) тұр.

Әлемдік рейтингтің топ-15 қатарына тағы үш қазақстандық енді:

  • Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) – 12-орын;
  • Елдос Сметов (60 келі) – 15-орын;
  • Абылайхан Жұбаназар (81 келі) – 15-орын.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық дзюдошылардан әлемдік рейтингтің көшін тек Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг бастаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!