«Жастар ресурстық орталығы» және “Волонтерлар фронт офисінің” ұйымдастыруымен әлеуметтік жәрмеңке өтті.
Жәрмеңке 2 ауысым бойынша жұмыс жасап, қаладағы 170-тен астам отбасы қамтылды. Жәрмеңкеге сапалы, күтіп киілген, пайдалануға жарамды тауарлар шығарылды.
«Сөреде жинақталған киімдер арасынан еңбектеген сәбиден бастап, орта жастан асқан адамдардың барлығына тұрмыстық тауарлар табылып қалады. Мұндай әлеуметтік жәрмеңке облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жиналған тұрғындар үшін әлеуметтік жәрмеңкенің септігі тигеніне қуаныштымын. Сонымен қатар бұндай игі шараны алдағы уақытта көшпелі негізде ұйымдастыру жоспарда бар, – дейді Волонтерлар фронт офисінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетов.
Әлеуметтік жәрмеңкенің тұрғындар үшін көмек болғаны сөзсіз. Бұл игі шара аясында Қызылорда қаласының түпкір-түпкірінен келген отбасылардың қарасы қалың. Бірі балаларына киім таңдаса, келесі бірі сол жерден өздеріне ұнағандарын киіп көріп, дорбаларын толтыра әкетуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!