фото: inbusiness.kz

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр. 

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!